Әлде бір іске белді буып кірісті. ~ Кер заманға кез болдық. Кер айылдап ат мінелік. Кек соқтада жол түсті, ат құйрығын шарт
түйелік. Қойдан қоңыр елің бар. Айнала торыған бөрің бар. Сол бөрінің арланын амалдап бір көрсек деп келдім. Ақыл, амал
арыстанды да бағындырған… Ғ.Мұст. ~ Ер азаматтар, шал-кемпір, бала-шаға туып өскен cap даласын сағынып-ақ қалған
екен. Бұл хабарларды қуана мақұлдады. Кешеден бері елегізіп жүрген жастар енді белдерін бекем буып, ат құйрығын түйіп
алыс сапарға дайындала бастады. І.Ес. ~ Лайсаң шақта ат құйрығын түйіп, аужай салғастыратындар топ-топ болып
жүретін. Ж.Ахм. ~ Талызинның жарлығын орындаймыз деп бұлар ереуілге көтерілген Тыналы, Қарпық, Темеш болыстарына
дейін барыпты, бұнда ат құйрығын шарт түйіп, қолына түкіріп отырған қалың жұртты көріп, әрі қарай жүруге қауіптеніп кейін
қайтыпты. І.Ес. ~ Сонда Еріктің бұдан ұққаны мынау: Мұның сүйікті ұ
