Аса керек, өте бағалы, құны жоғары. ~ Алайда, Ленинград болып қайта құрылып жатқан зиялы қалаға керек Саттар қазақ әдебиетімен өнеріне де ауадай қажет еді. Қ.Ерг. ~ Сізді Академияға қалдыру оп-оңай. Бірақ сіз сияқты байырғы коммунистер дәл қазір республиканың өзіне де ауадай қажет емес пе?! Қ.Жұм. ~ Жас кадрлар. Дипломды мамандар. Институтты бітіріп келе жатқан ерлі-зайыпты екі құрылысшы-инженерлер. Біздің бірлестікке олар ауадай қажет екенін өзің де білесің, солай ғой, ә? Ғ.Қаб.
