Posted in

АУЖАЙЫН БАҚТЫ (БАЙҚАДЫ)

Аңысын аңдады, көңіл-күйін барлады. ~ Басқа біреудің жанына терең бойлап, сезіміне зер салуға машықтанған Сейілбек бұл
сапар жігіттің аужайын бағып, оның ойлы сыңайына қарап, енді айтылмаған сырын қалайда ақтарар деген үмітке ден қойған.
С.Ом. ~ Әлтайдан бұйрық келісімен бәрі тор үйге кіріп, серімен сәлемдесіп, босаға жаққа отыра-отыра кетісті. Енді не болар
екен дегендей бәрі үй иесінің аужайын бағып, қас-қабағына қарағыштайды. С.Жүн. ~ Ноябрь айында болған
Күренің алғашқы талқандалуынан кейін баяғы Қанатбек ақалақшы ұстатқан Лүріп-Ламаны осы Ли-жүй жаң әз қолымен
атыпты деген… Қамаудағы Әлиді Лүріпке қосына атпақ болған жерінен полковник Ма-шянь гон аужай бағып тоқтатып
қалған… Жаралысында бір бет, қырыс Ли-жүй жаң Ма-шянь гонның заман райын баққан аянкестігін сезіп, жыны келсе де
көнген-ді. Ж.Ахм. ~ Бұған Кәдірқұл сөз қосқан жоқ, іштей мақұлдаған сыңайы бар. Бикен оны аужа

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *