Posted in

АУЗЫМДЫ ҚЫШЫТПА (ҚЫШЫТЫП ҚАЙТЕСІҢ)

Жыныма тиме, әйтпесе бұдан ауырын естисің д.м. ~ Зылиқа:
Қой, кенжем, аузымды қышытпа! Арысы Құдай, берісі екі әкесі қосқан Әділ мен Еркемді ойнатып-күлдіргенге мен ешкімге жазалы емеспін! Шәк. ~ Партиялық билетті сен берген жоқсың, сондықтан да сен ала алмайсың,– деді аспан түтігіп.– аузымды қышытпа. Әйтпесе қырық жылғыңды қылға тізіп беремін. О.Бөк. ~ “Сен жамансың, тәте, — деді, — сен мені тастап кеттің” — деді. Қыз ызалана күлді: “Аузымды қышытып қайтесің, — деді. Ә.Тар. ~ Қасқақ батыр әдiлiн, ақиқатын айтты. «Сөзiмдi бiреу сөйлеп, намысымды сол жыртып отырса, аузымды қышытып қайтермiн?! Менiң сөзiм де – сол сөз! К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *