Posted in

АУЗЫМЕН ҚҰС ТІСТЕДІ

1. Асқан жүйрік, ұшқыр. ~ ◊ Құлақ естір жерден алғыр қыран, құмай тазы, жүйрік жияды. Зілғараның баласы Əлібек …
Құлагердің аты бірге шығады. Ақан қолында Құлагер Арқаның талай зор астарында аузымен құс тістеген сан жүйріктерден
озып жүреді. М. Жұмаб. ~ Желдей ескен аяңшылға мінгенің бар ма? Мінсең, білесің: ат үсті адамды аруақтандырады,
көңіліңді көкке серпеді, аузыңмен құс тістейсің! Ж.Айм. ~ Жүйрік торы аузымен құс тістеген жануар ғой, артынан бір елі
қалмай «Ерменсайға» жеттік… Қ.Мүб. ~ Мен шешекемнен ноғай-қазақ болып туғаным рас болса, байекемнің бәйгеге түсер
құнаны нағыз құмай, қаракөк тұқым, аузымен құс тістейді. А.Кем.
2. Өр кеуде, айбынды, тәкаппар деген мағынада. ~ Жарас. Бұл тұрған Шекті батыр, жас жолбарыс Арыстан мырза.
Басыбардай текті батырдың кенже інісі және өзі. Аузыммен құс тістейтін асқақ ермін деп тұр ғой. М.Әу. ~ Селжук жұртының
аузымен құс тістеген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *