Posted in

АУЗЫНАН ЖЫРЫП БЕРДІ (АЛДЫ)

Соңғысымен бөлісті. ~ Үйдегілердің аузынан жырып, маған азық-түлік алып келу де қиындап кетті. Б.Соқ. ~ Іні-қарындасыңның аузынан жырып әкеп тұрғаны есіңе түскенде, талқан тамағыңнан өтпейді-ау. Ш.Мұр. ~ Ешқандай дәрі сатып алған жоқ, әйтпесе … бала-шағасының аузынан жырып, шыбын жан үшін шырылдап шипа іздегендер қаншама. Қ.Түм. ~ “Халықтың несiбесiн аузынан жырып салған ондай сарайдың кiмге керегi бар?” Т.Сәу. ~ Шал аузынан жырып, тірнектеп жиып, жетпеген соң қарайған мал-мүлкін сатып, немересіне арнап кеме шаптырды. Ә.Сар. ~ Әсіресе балалы әйелдер кісінің сай- сүйегін сырқырата зарлап, соғысыңды, өміріңді, колхозыңды жерден алып, жерден салып қарғап, сақтап отырған бидайы бар ма, арпасы бар ма балаларының аузынан жырып беріп жатты. Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *