Posted in

АУЗЫНАН СУЫ ҚҰРЫДЫ

Қызыға, құмарта тыңдады, күтті, дәметті. ~ Өзі де қарап жүрмейді, күндіз бір аюдың өзін «тұтқынға» қалай түсіріп, одан қалай бұған «кешірім жасап», бостандыққа қалай жібергенін, өмірінде бір– ақ рет соншама қатты қорыққанын әйелі мен өзі сияқты өңшең мылтыққұмар ұлдарына күле отырып, әңгімелеп берген. – Сонан соң қайттіңіз? – деген үлкен Ұлы аузынан суы құрып. К.Сег. ~ Жас қасқырлар болса шатқал–шатқалдан арқар торып жүр. Ол болса, өрге жүгірмей етекте тышқан аулап қалып қойды. Қыс бойы ін түбінде жатқан семіз борсықтардың ұйқыларынан оянғанын күтіп аузынан суы құриды. Бірақ, борсықтардың биыл шамалыда ұйқылары қана қояр түрі көрінбейді. Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *