Біреудің көп айтатын сөзі туралы; жиі айтады; есінен бір шығармайды. ~ Торайларды да қолынан сол туғызып, сол өсіреді. Ол боқтампаз кісі. «Танауыңды…» деген боқтық, оның аузынан еш уақытта түспейді. Түсінде сандырақтаса да айтары сол. С.Мұқ. ~ Көктемде «жер жүзін безендірген тəңірі шебер» екенін Алласыз аттап баспайтын тақуа, əбден əдетке айналып аузынан түспейтін «биссмилласынан» əрілесе əкесінің сыны да ажырата алмайтын құдайшыл Омархан енді ешкім əдейі түсіндірмесе де түсінді. З.Қаб.
