Posted in

АУЗЫНАН ҚАҒЫНДЫ

Орынсыз сөйлеп, опық жеді. ~ Қазақ тарихы қазақтарды балағаттайтын сабаққа айналды деп талай рет айтылған, қаншама реніш болған, талай шағым түскен. Оны елеген ешкім жоқ. Ақыры міне, айтпас жерде аузынан қағынған жалақор тиесілі сыбағасын алды. М.Мағ. ~ Отағасы жұрт көзі ғып «Сәкелеп» отырған Сәкітай қарап отырмай, аузынан қағынып, тілін тістеп, жым болды. К.Сег. ~ Ереуiл кезiнде тұмауратып қалып, Алаңға бара алған жоқ. Кейiн «бұзықтарды» әшкерелеп комбинатта жалпы жиналыс ашқанда, қызынып кетiп: «онда не тұр, ауырмағанда Алаңға мен де барар ем!» деп аузынан қағынып, жатақханадан қуылған болатын. Т.Сәу. ~ Сөйтіп тасып, шалқып жүріп өзі аузынан қағынды. — Сендер білесіңдер ме, — деді ол бір кезде, — менің жаным кеудемде емес, басқа, бөлек жерге тығулы. Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *