1. Ішпейді (жемейді), дәмін де татпайды. ~ Асыраубай фужер толы араққа ұзақ қарады. Аузына алмай кеткеніне біраз жыл. Н.Дәу. ~ Бірақ Қанат, өмірі аузына алмағанын айтып, зырылдап тұрып алған соң, секратар да қайтып ақ араққа аттап баспады. Сыраны сыздықтата сіміріп отырып, өзінің тілмашы мен Көпжасардың ауыздығын алып қоя берген. Т.Рыс.
2. Әлдебіреу не әлдене туралы ештеңе айтпайды, атын да атамайды. ~ Қаратай да “сыбаға” деген сөзді енді қайтып аузына алмайтын болған. Д.Ис. ~ Баласы туралы неге екенін, аузына алмайды, кəдімгі ол жоқ сияқты. С.Досж.
