Айтар сөзін меңзеді; ойына бағыт берді. ~ Бір-біріне бұйыра сөйлеген өктем дауыс, ауладағы тылсым тіршіліктің шырқын бұзған тосындық тұрғындардың жүйкесіне тиіп, аузына сөз салды. Қ.Түм. ~ Кияку не дерін білмей жалтақтап әкесіне қарады.
– Мен араку тайпасынан шыққан Ұлы бақсы Чоро баласы – Кияку…- деді әкесі айбарлы биік үнмен аузына сөз салып. Т.Әбд.
~ Шалдың аузына сөз салып берген Бескемпір Бекеттің өкпесін бөліп – жарғандай қайтадан домбыраға жармасты… Қ.Ысқ.
