Posted in

АУЗЫНА ТҮСПЕДІ

Әлдебір сөзді ұмытып,, есіне түсіре алмады; тіліне оралмады. ~ Жамбыл бұл сөздердің бәрін таңдана тыңдады. Басын шайқай түсіп: “Біз естімеген сөз екен”, “қазақ баласының аузына түспеген сөз екен”, “таразы да, қазы да өзі, ұқсаң осы сөзді ұғатын екен” деп, бірнеше рет таңдай қақты. М.Әу. ~ Өлтірді, ойбай! – деп жылап қоя берді Данияр. – Кім?!.. – Әлгі төре бала! – деді Данияр, Шоқанның аты аузына түспей. С.Мұқ. ~ Нұрбек сөзін аяқтамай доғара салды, өйткені «білмеуіңіз ұят» дегісі келіп еді, ол сөз өзіне тым жеңіл, зілсіз болып көрінді, ал одан өткірірек сөз қапелімде аузына түспей қалды. Т.Әбд. ~ Біржан қолға қолқа салмай-ақ бел көтергісі келіп еді, болмасын лез байқаған соң жер тіренді. – Сиыр қимылға жарап қапсың ғой, – деді Әпіш. – Күл, күл. Құдай қылса амал қанша? – Құдай? Аузыңа түспейтін сөз еді. А.Сүл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *