1. Айтқанын орындатты; әмірін жүргізді. ~ Бұл жағынан да Оразбай, Есентайлар төрені осылайша сөйлетіп, дәуірлетеді.
Тобықты жуандарын бір соның аузына қаратып алғысы келеді. М.Әу. ~ Атақты ақын Абаймен дәмдес болған ол шал кезінде
бүкіл Семей дуанын аузына қаратқан ірі кісі деседі. О.Бөк. ~ Бүкіл ауданды, тіпті әкімнің өзін аузына қаратады, оның
жанында Астана мешітінің бас имамын бала дей салыңдар. Ғ.Қаб. ~ Орта жолда, қалың шилеуіттің ішінде бір бұзылған
мазар тұр, көрген шығарсың. Ол Шерубай деген атақты бай, алты алашты аузына қаратқан қаселікті адамның зираты. Т.Әс.
~ Өз жерімде паналайтын жер болмады. Өйткені, қалаға жақын маңайдың орысы, қазағы болсын, байдың алыс-беріс қылып,
аузына қаратып тастаған адамдары еді. Ж.Айм.
2. Өнеріне тәнті етті; жұрт назарын өзіне аударды. Сөзімен, өнерімен жұрт назарын өзіне аударды; ел қошеметіне ие
болды. ~ Білген жан – көсем! Сөйлесе
