АУЗЫНЫҢ ДУАСЫ БАР
* Аузының дуасы, алдының абыройы бар бiр жақсыңды, келiсiп отырып, “е” деген ынтымақпен атамақ керек. М.Әу.
* Бір байқағаны – мұнымен сөйлескен кезде Президент жарқ-жұрқ етіп жоталанып, ерекше сипат танытып нұсқаланып отыр
ды. Аузының дуасы бар ма деп қалды. Д.Досж.
* Бұл жырдың басқа емес, үлкен шаңырақта отырған, жас та болса аузының дуасы бар Күдеріден шыққанын естігенде, жүректерінің басы қарайып, жас жігіттің осыншама аңғырттығын кешіре алмай, бәрі де іштей тыжырынып қалды. Қ.Жұм.
