Сөзге ыңғайлы, сөйлемпаз. ~ Адамды анау-мынау тоқтатарлық, Аузының ебі де бар сөйлер сөзге». – «Оны қой!» – Қасқыр айтты – ол жасырмас: Жеп едім бір ту қойын өткен күзде». А.Бай. ~ Сөзге аузының ебі бар тілді болғандықтан сөйлейтін жерге
уәкілдікке қашан да Әмен сайланушы еді. Ж.Айм. ~ Бұл Қожан дейтін еді. Аузының ебі бар пысық, ат арқасына мінгелі байдың қосына еріп, шашпауын көтеріп үйренген кісіңіз. Б.Май. ~ Түбінен жұдырықпен бір ұрып, тығынын ытқытты да, тіс сындырғандай мұздай арақты әуелі бақытты жұбайлар үшін ішті. Аузының ебі бар біреу әдемі сылтау тауып, аға-жеңгенің құрметі деп тастап-тастап алды. Ә.Нұрп.
