Таң қалып, тәнті болды, тамсана құмартты; жер-көкке сыйғызбай мақтады. ~ Олжалы қайтқан Бесбасбай көңілді. Ауылдан ертіп шыққан жолдасына іштегі елдің тіршілігін жерге тигізбей мақтап, аузының суы құрыды. З.Шүк. ~ Қара шал осқырынып қалды: – Ана жақ, мына жақ… Көрдің бе, келмей жатып ана жақ деп аузының суы құруын… Ә.Нұрп. ~ Жайнатып тұсыңа ұстап қойсаң – мүліктің көкесі де. Талайлардың ауызының суы құрыр әлі. Ж.Нәж. ~ Ботпай жаратылысында пәлендей әйелқұмар емес еді, бірақ мына деміккен арудың жүзіне қарап отырып, кенет аузының суы құрып, сұғына қарай қалыпты. О.Сәр. ~ Келген қонақ жөніне қарап отырмай: «Ауылыңызда Қорабайдың Қайыбы бар дей ме? Лебізін естуге құмартып жүр едік» – деп, ауыздарының суы құриды да отырады. Ү.Жлк. ~ Ұмытпасам, 1946 жылдары болу керек. Бір сынықшыны елдің бәрі аузынан суы құрып мақтап жататын. Көрейін деп, мен де бір күні бардым. Ж.Баб.
