Posted in

АУЗЫН (АУЫЗ) ЖИҒАНША (ЖИЫП АЛҒАНША)

Айтар ойын айтып үлгергенше; ілезде, заматта. Бірдеңені айтып үлгермей жатып. ~ Осыны айтып болғанша, Шұбарды кейін
бұрғанша, Айтып — ауыз жиғанша, Қарап — көзі тайғанша, Жетіп келді Қараман Алпамыстың қасына. “Алпамыс б.” ~
Айтқандай, әкем аузын жиғанша: «Өй, жау шапқыр, жалаңдап тұр екен ғой. Қолымды кесіп кеткенін қарашы. Шүберек
әперші, Риал» — деп отыратын. Ү.Жлк. ~ Түсімізден шықпай қойды, әйтеу. Ол аузын жиып алғанша, інісі Мадияр келіп,
есіктен басын сұқты … Т.Рыс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *