Posted in

АУЗЫН АШТЫРМАДЫ

Сөйлетпей қойды, ырық бермеді, сөзіне құлақ аспады. ~ Олар: «Қойшы идеалист болмай! Барамыз да тамаққа тоямыз, кішкене ішеміз, неменесі бар?»—деп, Мейірханның аузын аштырмады. М.Әу. ~ Қоштасып кеткісі келіп отырған адамның аузын аштырмай қойдындар ғой. Ш.Айт. ~ «Ау, ағайындар, мен қатты шаршаған адаммын, жаралы жанмын. Мен біраз тынығып, тыңайып алайын. Үйлену қашпас, қайда асығасыңдар», – деу керек еді желіккен жұртқа. Солай демекші еді, бірақ ағайыны ауыз аштырмады ғой. Ш.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *