Өз пікірін айтуға батылы бармайтын, жасқаншақ, жасық, үндемес. ~ «Жаман шірік неме!- деп сөкті көршілес жұмысшылар, Темірбектің бұл қылығын көріп – ынжық, жасық туған!.. Мұнда сүйек жоқ… намыс жоқ… аузын буған өгіз…» C.Мұқ. ~ Осы күні Тораңғұлды сағынып жүрмін. Тіпті шешіліп сөйлесетін жан таппай, ішқұстамтын! Ноғайқұл: – Неге ақсақал? Жұрттың бәрі аузын буған өгіз бе?! – деп сұрады. Т.Әл.
~ Сарыбала енді өзін-өзі сөгіп, қайрап отыр. «…Оңаша үйде түн бойы екеуден екеу отырғанда бір ауыз сөз айталмаған мені жасық, аузын буған өгіз… — деп қалды-ау! Әй, енді кездессе!.. Кездесуім керек. Ғ.Мұст.
