Posted in

АУЗЫҢА АЛМА

Ол туралы сөз қозғама, атама д.м. ~ Екі иінінен дем алып, қаңтардың үскірік желіне тұншығып, жөтел буған әнші жігіт ат үстінде сұрланып Жәнібектің салбыраған аяғын құшты:
– Әй, Жәнібек, мен… мен Сұлтанмұратпын, танымай тұрсың ба, бұл не қылығың… жазықсыз елді жылатпа, жазықсыз Ақанды аузыңа алмасаң етті, жазықтыны екеуміз білетін ек… Бұл не қысастығың, – деп сөзін зорға құрады. С.Жүн. ~ Күпір сөзді аузыңа алма! Мен қайдан білейін… Жаратты екен, жүру керек кесікті уақытың біткенше!.. З.Төл. ~ Аз алтының сеп емес, Аз күмісің тең емес. Осы тұрған келінің Ай мен күннен кем емес. Көп болмаса көрімдік Көрсететін мен емес, — дегенде, жұрт тағы да шу ете түсті. — Ойбай, айналайын. Көрсетпеймін дегеніңді аузыңа алма. Келіннен аянып қаларымыз жоқ. — Көрімдікке көнеміз, сөйтіп барып көреміз, — десіп, ел тағы да күміс тастай бастады. Б.Мом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *