Ешкімге айтпа, тіс жарма. ~ Салық сарбаздары салп етіп келіп қалса, дайын тұрсын. Бас бухқа өзім айтармын. Аузыңа берік бол. Ақша Астанадан бір айдан соң түседі. Оған дейін келісімшарт жасап келесің. Т. Кен. ~ Нұртай еңкеңдей басып, таяғымен жерді шекіп келді де, өгіздің бас жібін оңтайлап ұстап, енді жүргелі тұрған Күреңбайдың иығына қолын артып, қиыла: − Сапарың оң болсын, Күреңбай! Ақырғы тілегімді айтып қалайын. Өзіңнен басқа жанға сездірмеген құпия сырларым бар еді. Аузыңа берік болғайсың,- деді. С.Ом.
