Босқа сөзіңді рәсуа қылма, пайдасы жоқ. ~ Байдан сұрап алмаймыз, үкімет заңымен тартып аламыз, – деді Байбосын өжеленіп. – Құдай болсаң алдымен Жарболды түрмеге тық, ол қолыңнан келмесе, аузыңды ауыртпа! – деп, Шоқпарбай да қалыспады. Б.Май. ~ Әй, Жұпар, тый, көз жасыңды! Жүз жерден жер тепкілесең де болар іс болды енді! Босқа аузыңды ауыртпа! Сыбағасын салып жібер. Барсын. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген, біз қақсағанмен көніп тұрған қыз жоқ қой! М.Шүй.
