Көп сөйлемейтін, томаға-тұйық адам туралы. ~ Айғанша шайды ұзақ сораптады. Іштегі құса ғана ауырта ма, көңілі сәл бөлінсе, кәдімгідей жүзіне шырай жүгіріп, өңі кіріп қалады екен, соны байқаған Қатира жайшылықтағы аузы ауырлығын ұмытып, талай әңгіме, талай өсекті айтып тастады. С.См. ~ Егер «ат аунаған жерде түк қалып» сыпсың сөз жетсе ол миығы тартып қарар еді, әлде бабаның қасиеті бәрін үрлеп, санадан өшіріп жіберді ме екен, өң-жүзінен ештеңе байқалмайды. «Әлгі менің еркегім нағыз еркек екен, аузы ауыр неме екен өзі» деп арқасын кеңге салды. Қ.Түм.
