Не болса соған сеніп, алданды; аңырап қалды; таң қалды. ~ Жылтырдың білмейтін хабары, естімейтін өсегі жоқ ағып тұрған: сөз екен. Аузы аузына жұқпайды. Ол сөйлеген сайын Бекболаттың аузы аңқиып, жаны кіріп барады. Ж.Айм. ~ Жаңатастан келдiм, поездан түскен бетiм осы. – Онда естiген жоқ екенсiң ғой. Қонаевты алып тастады емес пе. – А-а! – сары қыздың аузы аңқиып ашылып қалды. – Қайдан бiлейiн. Орнына кiмдi қойыпты? Т.Сәу. ~ Енді Қасқабақты айтайын. Біртоға жігіт. Оқуы көптеу, тоқуы аздау. Ертеңді-кеш аузы аңқиып, менің аузыма қарап отырады, Мен былш еткізіп түкіріп жіберсем, – ол былқ етпей жұта салады. Ғ.Қаб.
