Posted in

АУЗЫ БАРМАДЫ

Айта алмады; батылы жетпеді; дәті бармады. ~ … бір кезде қылыштың жүзіндей қылпылдаған қырғын жігіт Тілеуберген еді деуге аузың бармас еді. О.Сәр. ~ Тұңғыш рет келіншек оның мүгедектігін ойына алды. Әйтсе де өз атымен атауға аузы бармады. М.Сүн. ~ Масқара! Махаббат, мұның аты – махаббат деуге өзін қанша қинаса да, аузы бармады. Қ.Жиен. ~ Соңғы қарбалас тұстарда ие болудан қалып, бейбастақ жіберіп алып жүретін сақал-мұртының қап тікенін қырып-жонып, тектеп-тежеп отыратынды шығарды. Бірақ, бұл ниетін ашық білдіруге аузы бармай қипақтады. Ғ.Біл. ~ Шешесіндей кісіні тұлымы желбіреген кішкентай қыз сияқты қалай атамақ. Аузы бармайды. Менсінбей мазақ қылу ғой. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *