Сыр сақтай алмайтын, өсекке үйір, жөнді-жөнсіз сөйлей беретін адам турады. ~ Ал, Жанболат ағаң болса, ол енді аузы
жеңіл кісі ғой: «Е, біздің Бекболат енді о қызды алмайды, орыстың сарқытын неғысын!» деп, үйіне келген, кеткен кісіге
«перот» соғып отыратын болса керек,— деді. Ж.Айм. ~ Керімбала, жұрт аузы жеңіл ғой! Ұшқары қалжың құрбыңа ауыр
тиіп, жазықсыз жаманат келтіруі мүмкін. Ондай сөзге жұрт алдында сақ болу керек емес пе? – деді. М.Әу. ~ Апатай, сіздің
айтқан сырыңызды ешбір жанға тіс жарып айтпауға уәде берейін. Өзіңіз білесіз, мен аузы жеңіл адам емеспін. Айта
беріңіз. Ә.Шәр. ~ Түсің қашып кетті ғой. Аузым жеңіл мен бейбақ әлденені шаттым ба? — деп Сәлима көзі жыпылықтай,
телміре қалды. М.Сүн.
