Posted in

АУЗЫ-МҰРНЫНАН ШЫҒЫП ОТЫР (ШЫҚҚАН)

Аяғы ауыр, жүкті; айы-күні жетіп, босануға жақын әйел туралы. ~ Анау отырған біздің тоқал да, – деді Тұрағал, жас бір әйелді иегімен нұсқап, – аузы- мұрнынан шығып отыр, оған біздің Әлгі бұрау басын сындыртпайды… С.Мұқ. ~ Бес бала бар, қатын аузы- мұрнынан шығып алтыншысын туайын деп отыр, — деп Әбдікерімнің даусы жіңішкерген үстіне жіңішкеріп, жылауға шақ қалды. Қ.Түм. ~ Әйелінің жанына барып еді, «кетші әрі, сасымай» деп, итеріп тастады. Сол кезде барып әйелінің айы- күні жетіп, аузы- мұрнынан шыққан екіқабат екені есіне түсті. О.Бөк. ~ Алдында Ақылжаны, оның үстіне, өзі аузы-мұрнынан шыққан екіқабат, алдыңғы түйені жетектеп келе жатқан-ды. К.Қаз. ~ Шорабидің көзі Жанарға түсті. Ол тағы алдыға шықты. Сегіз әйелдің ішінде шалғы ұстауға бейімдісі осы. Бірақ аузы-мұрнынан шыққан екіқабат. Кеше «тым тыраштанба» деп ұрсып тастаған. К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *