Дәмін татты, құмартты, тойынды. ~ Әңгіме билігін Таңсық тұқымына ғана беріп қоймай, кеңесіп шешетінді шығардық. Бірақ аузы тұшып қалған тұқым оңайлықпен басылмақшы емес қой, Таңсық тобы да көпке шейін қарсыласты. Б.Май. ~ Шынында да, бейнетті өміріне таяқтай сүйеніш көріп алған Күнтайды, орта белінен орып түсірді, енді ол «таяқ» бүтіндене ме? Бүтінденбесе – Күнтайға қосылған күннен кейін-ақ, иіні тұшып киім киген, аузы тұшып ас ішкен сорлы Ақпанның ол рахаттан айрылғаны да!.. С.Мұқ. ~ Бірақ теңіздің балықтары олардан басқа ма, әлде үйі балықты пісіре білмей ме, – өзі аулатқан балықтардың ешбіріне аузы тұшымайтын. Теңіздің балығына құмартты. С.Мұқ.
