Posted in

АУНАП-ҚУНАДЫ

~ Әрине, күш-қуаты артып, жұмысқа құштарлығы күшейіп келіпті. Ал өзімізде қалған жартысының бірінші жартысы республика курорттарында аунап-қунап, екінші жартысы ауылдағы әке-шешелеріне, туыс-тумаларына бас көрсетіп қайтқан… Ғ.Қаб. ~ Шынында, өлердей сағынып қалыпты. Бәріне таңырқап, бәрін жүрегінің түбіндегі аса бір ыстық ықыласпен қабылдап отыр. Қазақтар аунап-қунап қайт дегенде осындай сағынышты жазсын дейді екен ғой. Әдетте бұл сезді төркінін көптен көрмеген қызға айтушы еді. К.Қаз. ~ Қонақтар Тәжік жерінде бір жетідей аунап-қунады. Құдалардың сый-құрметіне бөленіп көңілді бірлегесін елге қайтуға ниет қылды. Ү.Жлк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *