Posted in

АУРУ (НАУҚАС, СЫРҚАТЫ) МЕҢДЕДІ

Дерті асқындап кетті. ~ Жарайды, үй-ішің ашықпасын, қалған екі тоқтының бірін ал… Ал ана бүркітті не біреуге бер, не ұшырып жібер. Өзім-ақ асырар едім, ауыру меңдегенін көрмейсің бе… Б.Тоғ.~ Былтыр бір рет өзім барып қайтқам. Қазір ауру меңдеп… Төсектен тұра алмаймын. Тұла бойым көтертпейді. Жүрек қағады… Т.Әбд. ~ Сол пip ақын, қамқоршы ағаны қатыгез науқас меңдеп алғанын көріп, көңілім жүдеп қалды. Тастақта жалдап тұратын жалғыз бөлме күйкі пәтеріме жабырқап келдім. Б.Соқ. ~ Ешкінің етіне тісін тигізген жоқ. Сорпасынан аздап ұрттаған. Ертесіне қалпақтай түсіп ауырды. Күн өткен сайын сырқаты меңдей берді. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *