Posted in

АУЫЗБЕН АЙТЫП ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙСЫҢ (АЙТЫП БОЛМАС)

Сипаттауға сөз жетпейді. ~ Қыс бойы тамырларына орап жер қойнына терең тығып сақтап қалған гүлдерін дала мырза жер бетіне түгел шашып жібергендей. Кеше ғана қоңырқайланып жатқан жер бетінің бүгінгі ернегін ауызбен айтып жеткізе алмастай. Ғ.Мүс. ~ Сол Ермек жаңбырдан тұншығып, аузын аңқайта ашып, Едігеге құшағын жая ұмтылған. Сәбидің көздерінде ауызбен айтып болмас қуаныштың, сотқарлықтың, аламан ерліктің оты ойнайды. Ш.Айт. ~ Ауызбен айтып болмас құстың түсін, Сол құсты іздеп шықтым атам үшін. Болады құстың аты – Нұрғазарын, Аузынан сөйлегенде гүл төгілер,
Қарашы, Жасағанның құдірет-күшін. “Нұрғазарын”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *