Posted in

АУЫЗДЫҒЫН ҚАРШ-ҚАРШ ШАЙНАДЫ

1. Ауыздығымен алысып, жер тарпып, алас ұрды. ~ Сол төрт атты шаттан шығып, ылдиға түсе өкшелерін қадады. Қадап еді, ат пысқырды, ауыздығын қарш-қарш шайнап есілді. Ж.Айм. ~ Күмісті ер-тоқымды көш аттары ауыздығын қарш-қарш шайнап, қалмақша байланған. І.Жан. ~ Аттарымыз ойқастап, жер тарпып, ауыздықтарын қарш-қарш шайнайды. С.Сей. ~ Дәл осы тажал өз басына төнерін сезгендей Сарыала жануар артқы аяқтары бүгіліп, ауыздығын қарш-қарш шайнап, тамағы қыр- қыр етіп, үрейлене алас ұрды. Ш.Айт.
2. Жұлқынып, еліріп тұр д.м. ~ Әй, балалар, қайыр сұрап тентіреп кетсем де, енді Нұрмағанбеттің жүзін қайтып көрмеспін, Ақан серідей алтын азаматқа қасірет еккен қиянатшыл елге ермеспін деп ем, қайтейін, сендер де ауыздықтарыңды қарш-қарш шайнап, бой бермей тұр екенсіңдер. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *