Шабысқа (әлдебір іске кірісуге) құлшынып тұр. ~ Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне
бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. БАҚ. ~ Ақтабан қате
сұлу, айбатты тұлпар, бедеу ат еді. Жыбырлаған көп қараны керген соң, Ақтабан ат
ауыздықпен алысып, сұлығын қарш-қарш шайнап, жердің танабын тартып көрінген ошақ
үйлерге, әне-міне дегенше келіп-ақ қойды. “Билер даналығы”. ~ Алысқан ауыздықпен өлең бір ат.
Өлеңде болған емес төмен мұрат. Көңілім бұрынғыдан ұшқырланып, Шау тартып бара жатыр денем бірақ. Қ.М.Әли. ~ Кеше
ғана мәңгіліктей көрінген балауса қиял, бақ-дәурен, ауыздықпен алысып, алыс қияларды ғана армандатқан астыңдағы
арғымақ, ат үстінде ойқастап жүрген шалқар шақта аяғыңның астындағы ұсақ-түйекке жанарыңды түсіре бермес алып-ұшпа
асау көңіл — бәрі-бәрі дәл қазір көрген түстей тәтті елес қана. Ф.
