Posted in

АУЫЗҒА ІЛІКТІ (ІЛІНДІ)

Жақсы аты шықты, дүйім елге белгілі болды. ~ Сен де бір атадан жалғыз ең, – деді Асқар даусы қарлығып. – Ауызға ілігіп, жақсы атанып жүргеніңді көңіліме медет қылып, ағайынның емес, қалың жұрттың азаматы болар деп қуанушы едім. Т.Әбд. ~ Әрі өтіп бара жатқанда: «Мынау Бағдан ғой. Қазіргі
суретшілердің ішінде ауызға жиі ілініп жүргені», – деген сыбырды құлағы шалып та қалды. С.Шай. ~ Ол кезде маңайдағы ел атағынан шошитын. Тыным-тыныштықты білмеген, барымта, соғыс десе — алағызып қолды-аяққа тұрмайтын қызулы жас болыпты. Жортар мықтылық, батырлығының үстіне, ауызға ілінген найзагер болды десетін. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *