Дыбысын шығартпау, аузын жабу. ~ Мұрат безірейіп тысқа қарап отырған. Жігіттер де жапырылып тысқа қарасты. Баған басындағы ақшелек ауызға ұрғандай тына қалды. Жігіттер де тына қалды. Дарақ Жарақты бүйірден түртті. Қ.Ысқ. ~ Міне, осы айтылған кемшіліктеріміздің бәрі де зиялылар съезінде алқаға салынып, кемдігімізді толтыру, қисығымызды түзету, жауыздық-жалмауыздарымызды ауызға ұрғандай қылып тоқтату, тыю – сол зиялыларымызды үстіне түскен үлкен бір борыш емес пе еді? БАҚ.
