Posted in

АУЫЗ БАСТЫРЫҚ

Біреудің өтірігін шығармау не әлдебір сырын ашпау үшін төленетін ақы. ~ Араға түсіп адвокат бола алмаймын, – деді, – ол кісі қазақшылыққа, шылық-былыққа, ауыз бастырыққа жоқ адам, араға киліксем – керісінше өршіп кетеді. Д.Дос. ~ Өскенбай молда елге өтірік лақап таратқан. Ауыз бастырыққа Айшуақтан екі ту қой алып, жоқ жерде Өскенбайдың құдайы жарылқады да қалды. С.Ом. ~ Сандал… Ол совхоздікі. Сенің сатқындығыңа берілген ауыз бастырық. Сапар мен Сәрсенге бұрын қатты сенетінсің. Үйіңе тегін шифер түсіріп кеткелі сезіктенетінді шығардың. Әйтсе де әлі бір оларға қарсы келгенің жоқ. Өйткені сол өзің ойлағандай ауыз бастырық» боп шығама деп қауіптенесің… М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *