Ұйымдасты, тізе қосты. ~ Көретін дәнеңелерің жоқ. Сіздер ауыз біріктіріп, күресе алмағансыздар. Өз ойларыңызға сенімдеріңіз мықты болмаған. М.Сүн. ~ Елден оп- оңай жер аламыз деп жүргенде, ауыз біріктіріп, ұйымдасқан қауымның сілесіне ұшырап, шерменде болған Сандыбай, Аралбай, Бойковтар қоңыр төбенің басында сөмпиіп қала берді. С.Ом. ~ Бекболат болып, басқалары болып, өздерінше ауыз біріктіріп, «тентек шалға» тиым істеуге кіріспек пе? Сонда не істемек?.. Б.Май.
~ Жаңадария мен Қуаңдария бойындағы көп қарақалпақ ауыз біріктіріп кетсе, алдыруы қиын. З.Шүк.
