Мақтан етіп, дабыра қылатындай. ~ Жапалдың Мәскеуде пәлен жыл оқып, шет елде пәлен жыл жұмыс істеп, енді кеп әке- шешесін қолына көшіріп алуы — ауыз толтырып айтар мақтаны, сұқ саусағын шошайтып көрсетер байлығы. Қ.Түм. ~ Бұрын ауыз толып айтардай қызметі жоқ, бар болғаны «ауыл мұғаліміне» қызының шыққанына ұнжырғасы түсіп жүрген желөкпе бишараға Бибісі өзінің теңін жаңа тапқандай көрінді. І.Ес. ~ Алты қап алтын арқалап келсе де ауыз толтырып айтар көлденең хабары болмаған соң, отырмай жатып қымыз сұрамайды. Ә.Кек. ~ Ауыз толтырып айтарлықтай және жұртқа жария ететіндей Жолдасбекте қайбір өмірбаян бар. Қ.Жиен.
~ Айтпайтын себебім, бұл ауыз толтырып айтатын үлкен ерлік емес. Т.Әбд. ~ Жұмекеннің балауса жыры – көп ретте ауыз толтырып айтқанымызбен, әлі де болса ұлан-ғайыр шалқар шаһар боп кете алмай, бір дөңнің үстін толтыратындай ғана іргелі ауыл – қазақ өлеңінің жаңа шаңырақ көтеріп
