Ұқсамайды, сай емес, тым алшақ жатыр. ~ Бірде досы Бейсембай «Сен қазақтың Чеховысың» – десе керек. Биағаң «Ой, бізге Чеховтың ауылы алыс қой…», – деп ат-тонын ала қашыпты. Қ.Ерг. ~ Аздап өлең жазатынымды несін жасырайын. Әйтсе де, ақындыктың ауылы алыс бізге. С.Дос. ~ Рас, Президент болу бақыт. Қанша қабілетің асып, талантың тасып тұрса да Алла Тағаланың рақымы түсіп, мейір-шапағатына бөленбесең алтын тақтың ауылы алыс. Бақ пен тақ тұғыры биік тұлғаның өзін таңдап, тауып, талғап қонады. С.Дос.
