Уайым-қайғыға салынды, иіні түсті. ~ Ауыр ой еңсесін езген жалғыз да жарау жолаушы… Күрең жолдан селдір шаң шұбырады… М.Қаб. ~ Адамның көзі топырақтан басқаға тоймайтын шығар. Ауыр ой еңсесін басқан шал орнынан шүйлігіп тұрды. З.Шүк. ~ Былай шыққасын қара бұлттай тұтасқан қорғасын ой еңсені тағы басты. С.Ел. ~ Ауыр ой еңсесін езіп отырғанда балалардың үрейден жылағанын да ұмытты. С.Сағ.
