Ашуын кінәлі адамға емес, әлсізге жұмсау туралы. ~ Ит ашуын тырнадан алады дегендей, Аңсағаннан айырылған ашуын
менен алмақшы ма екен? Н.Сер. ~ Қалың ел: “Тағы не пәле түйілді? Бит ашуын тырнадан алғаны ма?” деп қатты тіксінген.
Т.Рыс. ~ – Енді қайтейін, «таз ашуын тырнадан алады» деген бар ғой, – дедім мен ұялған тек тұрмастың кебін танытып.
Бұған Майра екеуміз қосыла күлдік. Ә.Нұрш. ~ Бөрі ашуын тырнадан алады дегендей, күн шыға, даусы бір сембеген Лизаға
тарпа бас салдым… С.Жүн.
