Ашу-ызасы қайнап кетті. ~ Бірақ оған біреудің таяғынан гөрі тілі тезірек етеді. Ол өзін ұрған таяққа шыдаса да қорлаған сөзге шыдамайды. Оның ашуы бұрқ етіп бір-ақ қайнаса түйе тулағандай қылады. Мейлі ұлық болсын, кім болсын—Мардан қолында өліп қалады. Ол Тоқаймен де солай болған еді. І.Жан. ~ Жан жықпылындағы бағанадан бері жанартау болып жиналған ашуы бұрқ етіп қопарылған-да, алдындағы ағашта келденеңдей байлаулы тұрған қара қасқа аттың үстінен бір-ақ секіріп басы ауған жаққа лаға жөнелді. Бүкіл адам атаулыдан безіне, толассыз ұзақ жүгірді. О.Бөк. ~ Келіншегі қаймығар болмады, ернін шығарды, жүзін есік жаққа бұрып әкетті. Енді ашуы мылтық түтініндей бұрқ етті. Д.Дос.
