Ішіне ас бармаған, қарны аш. ~ Тек кешегі кел шайқаған қызық күндерді аңсағанда, қай пенде өзегі талып бара жатқанда саусақ сорып жұбанатын аш құрсақ баладай жадына жармаспаған. Ә.Нұрп. ~ Бір мезгіл еңсе басқан бейнетті ұмытты. Аш құрсақ асқа тойды. Қазақ әріге ой жүгіртіп жатпайды. З.Шүк. ~ Іш аурулары, негізінен, дұрыс тамақтанбағандықтан, әртүрлі спирттік ішімдіктерді мөлшерден тыс ішкендіктен және аш құрсақ жүргендіктен болады. Ж.Баб.
