Posted in

АЩЫ АЙҒАЙ

Қатты шыққан дауыс, айғай-сүрен. ~ Кілт тоқтай қалып құлақ тіккенімізше болған жоқ, бір әйелдің ащы айғайы еміс-еміс естіле қалды. Ә.Әб. ~ Ащы айғайды, шыңғырған дауысты естіп шауып жетпегенде, мылтық атып үркітпегенде ұялы қасқыр сорлы қыздан сау-тамтық қалдырмағандай екен! Б.Тоғ. ~ Қос аттың дүбірі мен “Аттан, аттан! Жау шапты! Неміс шапты!” деген ащы айғайдан үркіп далаға шыққан Ахмет қамшы үйіріп, Зигфридті тықсыра қуып келе жатқан Дәуренбекті көргенде абдырамай, аял да қылмай қарсы айғай сап, сойылға жармасқан. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *