Жүрегін сыздатты, жанына батты, қинады. ~ Мына сөз көңілін аяздай қарыды. Д.Дос. ~ Бұрын жүз көрісіп, ауыс-түйіспеген
жат адамдай қысқа қайырған ояздың шақыруы – қазына тарапынан ғана болатын аяздай қарыған жарлық. С.Жүн. ~ Кесек
әжеміздің қазасы да — Алланың әмірімен төрелеп келген сондай ақ өлімнің бірі-тұғын. Бірақ… мына жаманат хабар ол кісінің
қадірін білетін біздің ағайынның біразының, — әсіресе үлкендердің, — жүрегін аяздай қарып өтті. Қ.Мұх.
