Көбінесе түс арқылы берілетін адамның болашақ өміріне қатысты бата, сәуегейлік. ~ Бұны әлденеге аян берген нышан ба деп, қасына сейіттерінің бірін шақырып сұрағысы келді де, оның барған сайын тым қара көктеніп, айқындала түскенін байқап, әліптің артын бақты. Ә.Кек. ~ Сені итерген мен жаққа не күш кенет, (ойлап қалдым зымиян келіс пе деп) түсіңе аян берді ме әлде саған ертегілер елінен періште кеп? Ф.Оң. ~ Сол Масғұт Халифаға уәзір бопты, Тарқатыпты алдынан көппен топты, Бағанағы дыдыр шал бір уақытта, Түсінде аян беріп жолыгыпты. Абай.
