Әбден шаршап-шалдықты. ~ Аюға намаз үйреткен таяқ депті ғой, әлі сұңғыла боп шығармыз-ау, Алла бетін аулақ қылсын! – Әлтай Ақанға қарады, – Өзі аяқтарыңнан таусылған жоқсыңдар ма, әлгі Жайынбектің тауып беріп жүргендері… С.Жүн. ~ … Алматыдан, “Заманту” фирмасынан шебер ұсталар шақыртты, сәулетшіге домалап жастық, жайылып төсек болды. Аяғынан таусылып жөндеудің бас–аяғында өзі жүрді. Ұсталардың “тауып бер”, “алып бер”, “қол жалғап жібер” деген меселінен еш аттамады. Д.Дос.
