Кедергі жасады, бөгет болды, қол байлады. ~ Алпыс жас аяғыңа тұсау салар, Мезгілсіз жүру-тұру бәрі қалар. Болады аңдығаның оттың басы, Болмаса үйден аттап жерің барар. Шал ақын. ~ Қилы қаласына келгенде ғана Мұрда істің анығына қанды; бұ қаланың ақсақалы Мұрданың ескі досы еді; оның айтуы: маздемдердің көтін жер иіскетпейтін себебі: үкімет бұлардың аяғына тұсау салып, отырықшы ел қылмақ екен. Ж.Айм. ~ Милициясын бір әкелді, тергеушісін сан әкелді, кран асып кететіндей ешқайда тапжылмайсың деп тұсау салып тағы кетті. Бәрінен де жанға батқаны осы. Қ.Ысқ. ~ Ең әуелi, Баратқа туған балдызын берiп, тумағанды қыз-дәнекермен туыс етедi. Сөйтiп, өнерi асқан жiгiттiң аяғына тұсау салады. К.Сег.
