Posted in

АЯҒЫНЫҢ ЖЕЛІ БАР

1. Суық жүріске бейім. ~ Сол жұмбақ тірліктен бе, әйтеуір, осы өлкеде әйел атаулыдан одан қаймықпайтыны кемде-кем. Әсіресе аяғының желі бар, жесір, жас келіншектер жағы жаман қорқады. Ж.Нәж. ~ Күн батуға құдиған сайын бозбалалар әулігіп, алқымы кеуіп, ретсізденіп барады. — Жүріңдер, не тұрыс бар?—деседі. Әсіресе түнде жортып, жылқы жетектейтін аяғының желі бар жігіттер ұрлыққа салып жүрген аттарын қойқақтатып, олай-бұлай жүріп, көлбеңдейді. Өздерінше осы қолдың сайыпқыраны солар сықылды. І.Жан.
2. Жүріске ыңғайлы, жақсы ат. ~ Мына бес баламның ортасында аяғының желі бар жалғыз-ақ, бөрте ат еді. Сұрадың, бере алмайтынымды айттым. Ұқсаң не етуші еді? «Ұстап әпкел!» деп, атшабарыңды, итіңді бөрідей қып, ақ, адал малыма шаптыратын не жөнің бар, Майбасар? М.Әу. ~ Сатқанбайға қайдағы аяғының желі бар ат тисін. С.Бег. ~ Әр болыстың өз көлеміне әйгілі, аяғының желі бар ат, желігі бар жігіттерін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *