Ерекше құрмет көрсетіп, тік көтеріп әкетті. ~ Әбілқайыр оны ордасына апарып, бір апта қонақ қылды. Ат үстінен аяғын жерге тигізбей түсіріп алды. Көрмеден ордаға дейін қалы кілем төсеп, батырдың етігіне топырақ жолатқан жоқ. Кетерінде бұйымын сұрады. Жәнібек жөнін айтты. Ә.Кек. ~ Не кереметінің барын кім білген! Кітап бетін парақтаса болды – қиял көтеріп аяғын жерге тигізбей қалықтатып әкетеді. Д.Дос. ~ Олжасты төбесіне көтерген жігіттер оның аяғын жерге тигізбей алдыңғы машинаға алып келді. Сол сәт Акмарал өзге түгіл өзіне де беймәлім бір күшпен ақынды төбесіне көтерген топтың соңынан жүгіре жөнелді. С.Дос.
